08.03.2018, 18:38 5464

Ақтөбе облысыныӊ инспекторлары 100% арнайы автокөліктермен қамтылды

2017 жылдыӊ 12 айы ішінде жалпы сомасы 974 миллион 168 мыӊ 362 теӊгеге "ДЭУ В106" маркалы 3 автомобиль, Уаз Патриот (пикап) маркалы 1 автомобиль, Газ-2705 маркалы 14 автомобиль,"Камаз" және ЛАДА 21214 маркалы 179 машина жеткізілді. Бүгінгі күні қызметкерлердіӊ қажетті автокөлікпен қамтамасыз етілуі 100% құрайды

Ақтөбе. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысыныӊ инспекторлары 100% арнайы автокөліктермен қамтылды. Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облыстық ІІД бастығыныӊ бірінші орынбасары, полиция полковнигі Айдар Токеев мәлімдеді.

"2017 жылдыӊ 12 айы ішінде жалпы сомасы 974 миллион 168 мыӊ 362 теӊгеге "ДЭУ В106" маркалы 3 автомобиль, Уаз Патриот (пикап) маркалы 1 автомобиль, Газ-2705 маркалы 14 автомобиль,"Камаз" және ЛАДА 21214 маркалы 179 машина жеткізілді. Бүгінгі күні қызметкерлердіӊ қажетті автокөлікпен қамтамасыз етілуі 100% құрайды", - деп айтты Айдар Токеев.

Бұл көліктердіӊ кілтін өткен жылдыӊ тамызында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты түрде табыс еткен болатын.

Баспасөз конференциясында Ақтөбе облыстық ІІД бастығыныӊ орынбасары, полиция полковнигі Ернат Қалиақпаров хабарлағандай 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша қылмыстыӊ 19,8%-ға азайғаны байқалады.

"Бірінші кезекте аса ауыр және ауыр қылмыстар 12,0%-ға, орта дәрежелі - 21,2%-ға және онша ауыр емес қылмыстар 13,8%-ға азайды. Еӊбек мигранттарына бақылау күшейтілді", - деп атап көрсетті Ернат Қалиақпаров.

Полицейлер тәртіпті бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен де қадағалап отырады. 2017 жылы облыс орталығында 50 бейнебақылау камералары орнатылған, ондағы барлық бейнелер Ақтөбе қаласы ІІБ жедел басқару орталығына түседі және өӊделеді. Қарғалы селосыныӊ негізгі бөлігі бейнебақылаумен қамтылған және Заречный полиция бөлімі мәліметтерді берудіӊ талшықты-оптикалық арнасына қосылған.

117 миллион 286 мыӊ 400 теӊге сомасына "Газ 2705" автомашинасы базасындағы 14 жылжымалы полиция пункттері алынды, олар бейнетіркегіштермен, дабылдық-дыбыс ұлғайтқыш құралдармен жабдықталған, әкімшілік құқық бұзғандарды ұстауға арналған камера бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны