17.01.2008, 19:49 3362

Ақтөбе облысының кеден комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Ақтөбе облысының кеден комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Ақтөбе. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының кеден комитетінің жаңа басшы болып Құрманғали Тасмағамбетов тағайындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне жергілікті кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"49-жасар кеден қызметінің полковнигі Құрманғали Тасмағамбетов бұрын көршілес Атырау облысында осындай қызмет атқарып келген",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Жаңа тағайындалған басшыны жеке құрамға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов таныстырды.

Құрманғали Тасмағамбетов Атырау облысында туып өскен, екі жоғары білімі бар, атап айтқанда Атырау мемлекеттік педагогикалық институты мен Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Еңбек жылдарын қарапайым мұғалым болып бастап, 1998 жылдан бері кеден органдарында қызмет атқарған. "Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл" және "Қазақстанның кеден қызметіне 10 жыл" медальдарымен, сондай-ақ, "Ерен еңбегі үшін" төс белгісімен марапатталған.

Ақтөбе облысының кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Мерлан Мұхамбетов "басқа жұмысқа ауысуына байланысты" лауазымынан босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны