21.05.2007, 11:21 2840

Ақтөбе облыстық ІІД-не жаңа бастық тағайындалды

АҚТӨБЕ. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Ақтөбе облыстық ІІД-ін жергілікті қаржы полициясы жетекшісінің бұрынғы орынбасары, полковник Патрис Нокин басқаратын болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа басшыны сенбі күні республика Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Қожамұрат Өскенбаев жеке құрамға таныстырды. "Сіздерге қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін сақтау секілді күрделі міндет жүктеліп отыр",- деді вице-минисртр. Сонымен бірге тағайындау рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов, облыс прокуроры Дастан Сартаев пен облыстық соттың төрағасы Мұхтар Есжанов қатысты.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сәйкес, Патрис Нокин 1978-жылы КСРО ІІМ-нің Қарағандыдағы жоғары мектебін бітірген. Бұдан кейінгі жылдары ІІБ-ның социалистік мүлікті жымқырумен күрес бөлімінің (бұрынғы ОБХСС) инспекторы болды, Ақтөбе облыстық ІІБ-да түрлі басқарушы лауазымдарды атқарды. 2004-жылдың шілдесі мен 2007-жылдың мамыр айлары арылығында Ақтөбе облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті төрағасының орынбасары лауазымын иемденді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны