11.02.2008, 18:27 6708

Ақтөбе облыстық прокуратура "Ақбұлақ" АҚ-нан 9 млн теңге өндіріп алды

Ақтөбе облыстық прокуратура "Ақбұлақ" АҚ-нан 9 млн теңге өндіріп алды

Ақтөбе. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облыстық прокуратура тергеу нәтижесінде "Ақбұлақ" АҚ-н әкімшілік жауапкершілікке тартып, 9 млн теңге айыппұл салды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық прокуратура бастығы Серік Сасаев хабарлады.

С. Сасаевтың айтуынша, жер асты суларын алу бойынша жер қойнауын пайдаланудың төрт келісімшартына ие "Ақбұлақ" АҚ қызметін тексеру барысында прокурорлар кәсіпорынның су жинағышын тексерген. Нәтижесінде су туралы заңның, сондай-ақ, жер асты қойнауы және оны пайдалану туралы заңның талаптары бұзылғаны мәлім болған.

"Мысалы, "Энергетик" су жинағышын тексеру нәтижесі Қарғалы ауылының тұтынушыларына ауыз судың жеткізілуіне қарамастан су есептегіш құралдарымен жабдықталмағанын көрсетіп берді", - деп хабарлады С. Сасаев.

Сонымен қатар, прокурордың айтуынша, "Ақбұлақ" АҚ ауыз сумен және тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге жатпайтын көлік құралдарын жуумен байланысты қажеттіліктер үшін тұтынушыларға жеткізген дерегі анықталған.

Бұдан кейінгі тексеру барысында ұңғымалардың техникалық кестелері мен жобаларының, сонымен бірге, "Новое", "Энергетик" және "Племстанция" ұңғымалары бойынша қор көлемін есептеудің болмау деректері тіркелген. Сонымен бірге, тексеру "Ақбұлақ" АҚ зертханасы аккредитациядан өтпеуіне қарамастан ауыз су сапасының санитарлық-химиялық, микробиологиялық көрсеткіштеріне зертханалық зерттеулер жүргізетінін анықтады.

Елек кен орнының жер асты қойнауын пайдалану туралы келісімшартқа сәйкес, мемлекеттің шарт аумағын зерттеуге жұмсаған қаржысын, яғни, 141 мың АҚШ долларын мердігер бюджет кірісіне енгізуі керек екен. Алайда, тексеріс нәтижесі көрсетіп отырғандай, "Ақбұлақ" АҚ бұл төлемді тіптен төлемеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны