13.04.2009, 18:07 3241

Ақтөбе облыстық прокурорлар немелерін асырап алмақ болған зейнеткер кейуанадан сотталмағандығы туралы анықтама сұраған қамқорлық органының шенеуніктеріне сөгіс жариялату мүмкіндігіне қол жеткізді

Ақтөбе облыстық прокурорлар немелерін асырап алмақ болған зейнеткер кейуанадан сотталмағандығы туралы анықтама сұраған қамқорлық органының шенеуніктеріне сөгіс жариялату мүмкіндігіне қол жеткізді

Ақтөбе. 13 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облыстық прокурорлар немелерін асырап алмақ болған зейнеткер кейуанадан сотталмағандығы туралы анықтама сұраған қамқорлық органының шенеуніктеріне сөгіс жариялату мүмкіндігіне қол жеткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Ақтөбе облыстық прокуратурасының аға прокуроры Сұлушаш Каренованың мәліметінше, "Хромтау ауданында жуырда жүргізілген тексеру нәтижесінде белгілі болғанындай, жергілікті қамқорлық органының қызметкерлері өзінің немерелерін асырап алуға ниет білдірген зейнеткер кейуанадан аталған процедура үшін қажетті құжаттардың сыртында сотталмағандығы туралы анықтама әкелуді талап еткен, ал заң бойынша мұндай құжаттың болуы аталған жағдайда міндетті емес".

"Алайда, зейнеткер әйелде жасының егде тартуына байланысты облыс орталығына анықтама алу үшін баруға ақшасы да, күш-қуаты да болмаған. Соған байланысты қыз балаларды асырап алу процедурасы жарты жылға созылып кеткен", - дейді С. Каренова. Оның айтуынша, "қарт әйелдің бір немересінің ұршығы тумысынан шығып кеткен кембағал болған, жуырда оған күрделі операция жасалған, хирургтың есебінде тұрған, яғни, оған тұрақты бағым-күтім қажет".

Сол себепті "әжесі оларды асырап алып, мемлекеттен қосымша ақшалай көмек алмақ болған. Өйткені олар бір зейнетақыға ғана күн кешкен".

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде қамқорлық органдарының аудандық және облыстық деңгейдегі шенеуніктері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оларға сөгіс жарияланды. Ижесі өзінің екі немересін асырап алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны