04.03.2008, 16:08 3018

Ақтөбе полициясы атыс қаруларын тапсырғаны үшін жергілікті тұрғындарға 595 мың теңге төлеуге әзір

Ақтөбе полициясы атыс қаруларын тапсырғаны үшін жергілікті тұрғындарға 595 мың теңге төлеуге әзір

Ақтөбе. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе полициясы атыс қаруларын тапсырғаны үшін жергілікті тұрғындарға 595 мың теңге төлеуге дайын. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Есен Есмаханов хабарлады.
"Үкіметтің белгілі қаулысын жүзеге асыру мақсатында және ҚР ІІМ талаптарын орындау үшін біз халықта заңсыз сақталып отырған атыс қарулары мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыруды ұйымдастыру бойынша белгілі мөлшерде жұмыс жасадық. Нәтижесінде ақтөбеліктер ату қаруының 72 данасын тапсырды", - деп атап көрсетті Е. Есмаханов.

Қазір, оның айтуынша, ерікті түрде тапсырылған қарулардың 17 данасын сатып алу туралы шешім шығарылған. Осы мақсатпен ІІД қаржы бөлімі басқармасы арқылы 595,6 мың теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылған.

Атыс қарулары, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды ақы төлеп алу шығынын қаржыландыру осы мақсатқа қарастырылған республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

"Қалған 55 іс бойынша дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін тексеру үшін және үстіміздегі жылдың наурыз айының соңына дейін миллион теңгеден астам соманы төлеу үшін құжаттары қаржы бөлімі басқармасына ұсынылатын болады", - деп толықтырды Е. Есмаханов.

Облыстық ІІД бастығының орынбасарының айтуынша, 2008 жылы Ақтөбе облысының аталған мақсаттарына үкімет 7 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Оның ішінде наурызда 1,1 млн теңге, сәуір айында 1,7 млн теңге қарастырылған.

Облыстық ІІД атап көрсеткендей, сонымен бірге, биылғы 1 қаңтардан бастап елімізің ішкі істер органдарында сатып алынған жарақаттағыш қаруды тіркеу жүйесі енгізілгенін ескер отырып Ақтөбе полициясы қазірдің өзінде "Оса" маркалы 55 жарақаттағыш тапанша мен "Стражник" маркалы 73 қаруды тіркеді.

Осы үшін ҚР ІІМ үш ай уақыт (1 ақпан - 30 сәуір 2008 жыл) белгілегені белгілі. Ол уақыт аяқталысымен тіркелмеген жарақаттағыш тапанша заңсыз сақталынған қару ретінде тәркіленетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны