20.05.2008, 10:04 1468

Ақтөбе прокуратурасы шетел инвесторларының Қазақстан жұмысшыларының құқығын таптауына назар аударуда

Ақтөбе прокуратурасы шетел инвесторларының Қазақстан жұмысшыларының құқығын таптауына назар аударуда

Ақтөбе. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе прокуратурасы шетел инвесторларының Қазақстан жұмысшыларының құқығын таптауына назар аударуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан мен шетел жұмысшыларының еңбегіне жүргізілген сараптама бірдей лауазымды иеленген жергілікті және шетелдік мамандардың арасында айырмашылық бар екенін көрсетті", - деп атап өтті облыс прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасы.

Мәселен, прокуратура ұсынған мәліметтерге сүйенсек, "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ шетелдік мамандардың сапындағы бөлім бастығы айына 200 мың теңгеден астам алса, оның қазақстандық әріптесі одан 60 мың теңге аз алады.

Сонымен бірге, шетел мамандарына демалыс берер кезде демалыстың ақшасынан бөлек 2 300 - 3 000 АҚШ доллары көлемінде демалысын өткізер жерге дейінгі жол шығындары төленеді. Ал Қазақстан жұмысшыларына бұл пункттің қатысы жоқ. Прокурорлар бұл оқиғаны Қазақстан жұмысшыларының құқығының бұзылуы ретінде қарастырып жатыр.

Бұдан өзге, "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ жалақы қорынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ақша төлемеген.

"Бұл акционерлік қоғамның жұмысшылары әлеуметтік сақтандырудың қатысушылары емес және әлеуметтік төлемдерден қағылады деген сөз", - деп атап көрсетті прокуратура.

Осы кәсіпорынның қызметіндегі тағы бір заң бұзушылық акционерлік қоғамдағы жұмыстың жыл бойғы артық сағаттарының саны белгіленген мөлшерден 30-40 сағатқа артық болып шыққан.

Облыстық прокуратура өзге де шетелдік кәсіпорындарға қатысты шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты жоө "ДО КНИСГ" ЖШС Ақтөбе қаласындағы бөлімшесінде ҚХР үш азаматы жұмыс істеген. Олар іскерлік визамен келген. Алайда, олар осы компанияның Қытай мамандарына тамақ әзірлеумен айналысқан.

"Сонымен бірге, "Ұлы Қорған" ЖШС мен "Батыс Мұнай" ЖШС талап етілген біліктілікке сай емес шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны анықталды", - деп хабарлады прокуратура.

Біріншісінде, инженер-технолог және инженер-электрик, ал екіншісінде, бұрғылау шебері ретінде, шын мәнінде, қарапайым аспаз болған ҚХР азаматтары жұмысқа қабылданған.

Прокуратура хабарлағандай, жүргізілген тексеулер нәтижесінде 37 әкімшілік іс қозалған. Нысандар қызметін тоқтату жөніндегі екі өтініш сотқа жөнелтілген. Үш шетел жұмысшысына қатысты рұқсат кері қайтарылып алынған. Үш шетел азаматы ел аумағынан қуылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны