09.03.2011, 17:26 4198

Ақтөбе тұрғыны 4-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысында 25 жастағы жергілікті тұрғын 4-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында 25 жастағы жергілікті тұрғын 4-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың ақпан айының ортасында Ақтөбе қаласының полиция бөліміне әйел адам арызданған. Ол белгісіз біреудің 4-сыныпта оқитын қызын зорлағаны туралы хабарлаған болатын.

Арнайы жүргізілген операцияның нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Алға қаласының 25 жастағы жергілікті тұрғынын ұстады.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, күдікті қыз баланы мектептен қайтар жолда аңдып, алдау арқылы үйіне апаруды ұсынған. Содан кейін Қандыағаш қаласының шетіне шығып, автомашинаның салонында қыз баланы зорлап, бой тасалаған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны