24.10.2007, 18:54 3256

Ақтөбеде ақша айырбастау пункті арқылы героин сатқан кәсіпкер ұсталды

Ақтөбеде ақша айырбастау пункті арқылы героин сатқан кәсіпкер ұсталды.

Ақтөбе. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ақша айырбастау пункті арқылы есірткі заттарын сатқан облыс тұрғынын құрықтады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Алматы Имангалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, күдікті екі ақша айырбастау пункті бар 38 жастағы Ақтөбе тұрғыны.

"Күдіктіні үркітіп алмау үшін оған жедел бақылау қойылып, шара оң нәтижесін берген",- деп хабарлады А. Иманғалиев.

Сонымен қатар, А. Иманғалиевтің айтуынша, бір ақша айырбастау пункінің ғимаратына тексеру жүргізу барысында тоғыз грамға жуық героин табылған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті есірткіні ақша айырбастау пункттерінде аз мөлшермен (1-2 грамм) белгілі бір адамдарға сатқан, олар алдын ала ұялы телефон арқылы келісіп отырған.

Ұсталған бұрын сотталмаған, жедел есепке тұрмаған, бірақ өзі есірткі құмар екендігі белгілі болды, деп атап өтті ол баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, полицейлер есірткінің келетін арнасы мен осыған қатысы бар адамдарды анықтауда.

Ақтөбе полицейлері жыл басынан бері барлығы 203 есірткі қылмыстарын анықтап, 32 кг астам есірткі заттарын тәркілеген, оның 250 г жуығы героин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны