01.07.2010, 18:07 3058

Ақтөбеде аса көп мөлшердегі героин сатпақ болған 35 жасар ауыл тұрғыны ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, маусымның басында ІІД есірткі бизнесіне қарсы бөлім қызметкерлеріне Ақтөбе қаласы бойынша есірткі сататын Алға ауданы, Бестамақ ауылының тұрғыны жайлы жедел ақпарат келіп түседі. "Бір ай бойы оның қылмыстық қызметі жедел сатып алулар бойынша қолданған әдіспен жазылып отырған, маусымның 26 күні ол Есет батыр көшесіндегі № 109 үйдің жанынан құрықталды.

Ақтөбе. 1-шілде. Kazakhstan Today Ақтөбе облысының Алға ауданының Бестамақ аулының тұрғыны аса көп мөлшердегі героин сатпақ болған жерінен ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, маусымның басында ІІД есірткі бизнесіне қарсы бөлім қызметкерлеріне Ақтөбе қаласы бойынша есірткі сататын Алға ауданы, Бестамақ ауылының тұрғыны жайлы жедел ақпарат келіп түседі. "Бір ай бойы оның қылмыстық қызметі жедел сатып алулар бойынша қолданған әдіспен жазылып отырған, маусымның 26 күні ол Есет батыр көшесіндегі № 109 үйдің жанынан құрықталды.

"Күдіктінің Бестамақ ауылындағы үйін тінту барысында 3,35 грамм героин қапталған 10 түйіншек табылды. Ал аулада тығылған тағы да 233 грамм героин қызметтік іздеу иттердің көмегімен табылған",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

"Күдікті бұрын ұрлық жасағаны үшін және есірткі заттарын сақтағаны үшін сотталған. Бір ай бұрын есірткі сақтағаны үшін 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылуға жазаланған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта күдікті тұтқындалып, оның үстінен ҚР Қылмыстык кодексінің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны