08.07.2014, 20:45 3242

Ақтөбеде "Бизнесті бастау" реалити-шоуы басталады

Ақтөбеде биылғы жылдың шілде айының ортасында қалалық телеарнада реалити-шоу форматымен "Нөлден бизнес" тележобасы ашылады. Жобаның авторы облыстың кәсіпкерлікті дамыту орталығы.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Ақтөбеде биылғы жылдың шілде айының ортасында қалалық телеарнада реалити-шоу форматымен "Нөлден бизнес" тележобасы ашылады. Жобаның авторы облыстың кәсіпкерлікті дамыту орталығы.

Бірінші кезеңде ұйымдастырушылар қызықты жоба ұсынған үміткерлерді іріктеу өткізбек. Олардың жұмыстары екі ай ішінде қаралады. Негізінен бұл барынша аз қаражат салып дөңгелетіп алып кетуге болатын нақты идеялар болмақ, - деп хабарлайды palata.kz сайты.

КДО директоры Ержан Нұрғалиевтың айтуынша, бірде-бір идея көзден таса қалмақ емес. Үздік деген идеялар ірі қазақстандық инвесторларға ұсынылатын бизнес жобалар қатарына енгізіледі.

"Осылайша біз бизнес туралы кезекті бір бастаманы қолға ламақшымыз. Көптеген жандар өз кәсібін ашу үлкен қаражатты талап етеді деп ойлайды. Біздің мақсатымыз осынау теріс ойдан арылтып, халықты кәсіпкерлік жолына баулу. Біз өз жобасын ұсынған кез келген адамды қуана қарсы аламыз. Ирқайсымызда да осындай үлкен бастамаға қатысу мүмкіндігіміз бар", - дейді Ержан Нұрғалиев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны