04.02.2008, 16:42 2878

Ақтөбеде екі жол полиция қызметкерінің өліміне қатысты қылмыс ашылды

Ақтөбеде екі жол полиция қызметкерінің өліміне қатысты қылмыс ашылды

Ақтөбе. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде қызмет міндетін атқарған екі жол полиция қызметкерінің қазасына қатысты қылмыс ашылды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің бастығы Патрис Нокин хабарлады.

Оның сөздері бойынша, бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Мұғалжар ауданының 16-мен 24 жас аралығындағы сегіз тұрғыны қамауға алынды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында 1 ақпанда Ақтөбе облысының ІІД жол полициясының дербес ротасының екі инспекторы 24-жастағы Нұрболат Серғалиев пен 30-жастағы Ержан Бердешов өлтірілген болатын.

Тергеу кезінде анықталғанындай, олар 31 қаңтарда сағат 18 .00 Қандыағаш қаласының аудан орталығына жақын жатқан Ақтөбе-Астрахань тас жолында кезекшілік жасаған. Кезекшілік кезінде оларға сегіз адамнан құралған топ шабуыл жасаған.

"Біз облыс тұрғындарына ризашылғымызды білдіріміз, - деп атап өтті баспасөз мәслихатында П. Нокин. - Олар тергеуге үлкен көмек көрсетіп, тәулік ішінде бізде 15 телефон қоңырауы келіп түсті".

Бүгінгі күні барлық күдіктілер уақытша тергеу қапасына тоғытылды. Оларға қатысты ҚР ҚК 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (кісі өлтіру). Полиция қызметкерлері тергеу кезінде басқа да қылмыстық істердің қозғалуы мүмкін деген пікірлерін білдірді. Бұл істің анық- қанығын тексеру үшін Ақтөбе облысында ҚР ІІМ тергеу тобы жұмыс істеуде.

ҚР ІІМ министрі Бауыржан Мұхамеджанов қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтты. Ақтөбе облысының ІІД басшылығы тарапынан оларға материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Н. Серғалиев пен Е. Бердешов қаза тапқаннан кейін марапаттауға ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны