30.06.2010, 11:17 3249

Ақтөбеде қала аралық автобус жүргізушісі есірткіге мастану жағдайында қамауға алынды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "28 маусымда күндізгі сағат 11-лер шамасында Ақтөбеден бірнеше шақырым жерде жол полициясының инспекторлары құжаттарын тексеру мақсатымен Ақтөбе Орал бағытында кетіп бара жатқан "Хюндай" маркалы автобусты тоқтатқан. Есірткілік сараптама 37 жастағы автобус жүргізушісінің есірткіге мас екенін көрсетті".

Ақтөбе. 30-маусым. Kazakhstan Today "Қала сыртындағы трасса" жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында Ақтөбеден шыға берісте автобус жүргізушісі есірткіге мас жағдайында қамауға алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "28 маусымда күндізгі сағат 11-лер шамасында Ақтөбеден бірнеше шақырым жерде жол полициясының инспекторлары құжаттарын тексеру мақсатымен Ақтөбе Орал бағытында кетіп бара жатқан "Хюндай" маркалы автобусты тоқтатқан. Есірткілік сараптама 37 жастағы автобус жүргізушісінің есірткіге мас екенін көрсетті".

Жүргізушінің айтуынша, 4 күн бұрын ол марихуана пайдаланған. Оның жүргізушілік тәжірибесі 20 жылды құрайды. Оның 10 жылын қала аралық автобустарда өткізген.

Тұтқындау кезінде автобуста 41 жолаушы болған. Олардың қатарында жас балалар да бар. Оқиға орнына ұйымның басқа жүргізушісі шақыртылды, деп хабарлады ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны