24.09.2009, 10:20 1485

Ақтөбеде кәсіпкердің 14,5 млн теңгесін ұрлап алған алаяқ бес жылға бас бостандығынан айрылды

Ақтөбеде кәсіпкердің 14,5 млн теңгесін ұрлап алған алаяқ бес жылға бас бостандығынан айрылды

Ақтөбе. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбеде кәсіпкердің 14,5 млн теңгесін ұрлап алған алаяқ бес жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақтөбе облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент ақпаратына сәйкес, "тергеу барысында белгілі болғанындай, осыдан біраз уақыт бұрын Ақтаудан Ақтөбеге "S.P. Aktau Servise LTD" ЖШС директоры 40 мың тонна көлемінде жентек күкірт алу үшін келеді". Бұдан әрі кәсіпкер Қытай компанияларымен бір тоннасын 100 доллардан жентек күкірт алу жөнінде шарт жасасуға ниеттенеді.

"Кәсіпкер өзінің бір танысы арқылы бір жергілікті тұрғынмен кездеседі, ол әлгі адамда ірі көлемде ақшасы бар екенін біліп алады да, оны иемденіп алу үшін алыстан келген кәсіпкерге өзінің байланыстары үлкен екенін, шарт жасасуға өз көмегін көрсете алатынын айтып ұсыныс тастайды", - деп хабарлайды департамент.

Соның нәтижесінде 2008 жылдың 10 қыркүйегінде, Қытай фирмаларымен жентек күкірт алуға шарт жасасуға қандай да бір қызмет көрсете алатын мүмкіндігі жоқ бола тұра, күдікті жеке нотариустың қатысуымен 14,4 млн теңге көлеміндегі несиелік шартқа қол қояды. Шарт бойынша ол ақшаны 2008 жылдың 10 қазанынан кешіктірмей қайтаруға тиіс болған. Алайда ірі көлемдегі ақшаны алдап алған күдікті ізін жасырып кетеді.

Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен қала тұрғыны аса ірі көлемде алаяқтық жасаған айыпкер ретінде танылды. Оған мүлкін тәркілеумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы жүктелді.

Сондай-ақ, одан жәбірленушінің пайдасына 14,4 млн теңге өндіріп алынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны