31.03.2010, 15:25 6979

Ақтөбеде қылмыстық іске куәгер болған қыз өзін-өзі өлтірді - ІІМ

Ақтөбеде қылмыстық іске куәгер болған қыз өзін-өзі өлтірді - ІІМ

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбеде қылмыстық іске куәгер болған қыз өзін-өзі өлтірді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"20 наурызда Ақтөбедегі бір пәтерден 26 жастағы қыздың мәйіті табылды. Алдын-ала мәліметке сәйкес, ол өзін-өзі өлтірген. Мерт болған қыз кісі өлтіру дерегіне сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша куәгер болатын және қорғауға алынған", - деді Қ. Жұманов.

"Қыздың қаза табу дерегі бойынша ішкі қауіпсіздік қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жалғасуда, сараптамалар тағайындалды", - деді Қ. Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны