Система Orphus

Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО іске қосылатын болады

16.04.2015, 10:20 1983

Ақтөбе. 16 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ соӊына қарай Ақтөбе қаласында саны бойынша 10-ншы мамандандырылған ХҚКО іске қосылатын болады. Мамандандырылған ХҚКО Батыс-2 ауданында салынуда, оныӊ алып отырған учаскесі 4 жарымнан астам гектарды құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа мамандандырылған ХҚКО Елбасыныӊ автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру функцияларын ХҚКО қарамағына беру туралы тапсырмасыныӊ шеӊберінде салынуда. "ХҚКО" РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалыныӊ директоры Руслан Ерғалиевтіӊ айтуынша орталықтыӊ құрылысы қызуқанды жүріп жатыр. "2014 жылдыӊ соӊында Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі құрылыс компаниясымен шарт жасасты. Қазіргі уақытта учаскені бөлу жүргізілді, ғимарат орналасатын жер жұмыстары аяқталды, іргетасы қаланды, электр желілері жүргізілді, енді қабырғалары тұрығызылуда", - деп атап өтті ол.

Жаӊа орталықта көлік құралдарын тіркеуге/қайта тіркеуге және жүргізуші куәлігін алуға болады. Бизнес процесстерді автоматтандыру және мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелерін интеграциялау ақтөбеліктерге жүргізуші куәлігін 2 сағатта алуға мүмкіндік береді, дәл осы уақыт автокөлікті тіркеуге де кетеді.

Мамандандырылған ХҚКО-ныӊ автоматтандырылған автодромында пайдаланылатын заманауи электрондық бақылау жүйесі жүргізу бойынша емтиханныӊ практикалық бөлігін тапсыру кезінде адами факторды толыққанды жоюға мүмкіндік беретіндігін атап өту керек.

Ақтөбе облысыныӊ Ішкі істер департаментініӊ деректері бойынша 2014 жылы көлік құралдарыныӊ 44 мыӊнан астам бірлігі тіркеуден өткен және 22 мыӊнан астам ақтөбеліктер жүргізуші куәлігін алған.

Анықтама ретінде: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасыныӊ Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Петропавл қалаларында 9 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде. 2015 жылы мамандандырылған ХҚКО-ларды Ақтөбе және Қостанай қалаларында іске қосу жоспарланып отыр.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны