01.07.2010, 10:57 1313

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін пәтерлермен алаяқтық іс-әрекеттер жасады деген айыппен бір топ әйел әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

Пресс-релизде көрсетілгендей, Л. Менешева ҚР Қылмыстық кодексінің 235 бабының 1 тармағы (Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қоғамды (қылмыстық ұйымды) құру және басқару, қылмыстық қоғамға қатысу), сондай-ақ, 177 бабының 3 тармағы ("а", "ә" тармақшалары) (ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша айыпты деп танылып, дүние-мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today Ақтөбедегі "Жаңа үй" мемлекеттік бағдарлама пәтерлерімен алаяқтық жасады деген айыппен Лариса Менешева және оның үш сыбайласын әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру туралы үкім шығарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Пресс-релизде көрсетілгендей, Л. Менешева ҚР Қылмыстық кодексінің 235 бабының 1 тармағы (Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қоғамды (қылмыстық ұйымды) құру және басқару, қылмыстық қоғамға қатысу), сондай-ақ, 177 бабының 3 тармағы ("а", "ә" тармақшалары) (ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша айыпты деп танылып, дүние-мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Оның үш сыбайласы ҚР ҚК 177 бабының 3 тармағы ("а", "ә" тармақшалары) бойынша айыпты деп танылып, дүние-мүліктері тәркіленіп, алты жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар да жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Л. Менешева 2005 және 2010 жылдар аралығында өзі құрған Ақтөбе қаласының тұрғындарынан құралған қылмыстық топқа басшылық еткен. Олар оның тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламамен үй алуға ниет танытқан адамдарды жинаумен айналысқан. Өзін қала тұрғындарына "Жаңа үй Ақтөбе" ЖШС немесе облыстық әкімдік қызметкері деп таныстырған Л. Менешева мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлерден пәтер алуға өз көмегін ұсынған. Бұл ретте ол азаматтардан алғашқы салым ретінде ақша алып отырған.

Л. Менешеваның ұйымдасқан қылмыстық тобының қылмыстық әрекеттерінен Ақтөбенің 50-ден астам азаматы зардап шеккен. Оның іс-әрекеттерінен келген шығынның жалпы көлемі 120 млн теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны