25.12.2008, 15:32 2691

Ақтөбеде мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін 19 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Ақтөбеде мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін 19 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе прокуратурасы мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін 19 лауазым иесін тәртіптік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының бірінші басқармасының прокуроры Есімғали Есмұханов хабарлады.

Оның айтуынша, өткен жазда Ақтөбе қаласындағы 30 мектепке бюджеттен медициналық жабдықтарды сатып алуға әрқайсысына 300 мың теңгеден бөлінген. "Баға жөніндегі ұсыныстарды сұрау арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқаудан кейін медициналық жабдықтарды "Аман Ба" ЖШС-інен сатып алуға шешім қабылданған", - деді Е. Есмұханов.

"Алайда, бүгінгі күнге дейін "Аман Ба" ЖШС Ақтөбе қаласындағы 23 мектепке жалпы құны 2 млн теңгенің медициналық жабдықтарын әлі жеткізбегеніне қарамастан, компанияға ақша толық көлемде аударылған", - дейді Е. Есмұханов.

Сонымен бірге, "Дәрілік заттар туралы" заңға сәйкес, дәрі-дәрмектер, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы аспаптардың бөлшек және көтерме саудасын тиісті лицензиясы бар фирмалар жүзеге асыруға тиіс.

"Мектептердің басшылығы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда "Аман Ба" ЖШС-де медициналық жабдықтар сатуға құқық беретін лицензиясы бар-жоқтығын анықтамаған. Бұл - талап бұзу", - деді прокурор.

Сөйтіп, осы дерек бойынша 19 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оларға сөгіс жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны