04.04.2014, 21:01 15233

Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған стационар ашуды ұсынды

Ақтөбе қаласында қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында мүгедек әйелдердің жағдайын жақсарту мәселелері қаралды.

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan today. Ақтөбе қаласында қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында мүгедек әйелдердің жағдайын жақсарту мәселелері қаралды.

"Қаладағы мүгедек әйелдердің жағдайын сөз етті. Қазіргі таңда қалада он мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар болса, оның 4500-і әйелдер. Мүмкіндігі шектеулі әйелдерді әлеуметтік қолдау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып жатыр", - деді Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нәйлә Бөртебаева.

Биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап қалалық мәслихаттың шешімімен мүмкіндігі шектеулі жандарға бюджеттен 700 миллион теңге бөлінген.

Бұл қаржының бір бөлігі мүгедек әйелдердің тұрмысын жақсартуға жұмсалады. Нәйле Бөртебаеваның айтуынша, мүгедек әйелдерді жұмысқа орналастыру мәселесі бірінші орынға қойылған.

Арнайы өткізілетін жәрмеңкелерде кем дегенде елуге жуық әйел жұмысқа тұрып кетеді. Алайда, жұмыссыз жүргендердің саны бұданда көп.

Жиында комиссия мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты өзге де мәселелерді ортаға салып, оны шешу жолдарын қарастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны