10.06.2008, 13:44 3355

Ақтөбеде өзінің қол астында жұмыс істейтін бір адамнан 100 мың теңге көлемінде пара талап еткен деген күдікпен мұнай компаниясының бір қызметкері ұсталды

Ақтөбеде өзінің қол астында жұмыс істейтін бір адамнан 100 мың теңге көлемінде пара талап еткен деген күдікпен мұнай компаниясының бір қызметкері ұсталды

Ақтөбе. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде мұнай компаниясының орта деңгейлі жетекшілерінің бірі қол астындағы қызметкерінен 100 мың теңге көлемінде пара талап етті деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облысының ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевке сілтеме жасай отырып.

"50 жастағы бас энергетик егер 49 жастағы инженер айтқан талабын орындамайтын болса, онда оның қызметін төмендетіп жұмыстан шығарамын деп қорқытқан",-деді А.Иманғалиев.

Оның сөздері бойынша, 50 мың теңге көлемінде ақша берген кезде күдікті қолға түсірілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Облыстың ІІД атап өткеніндей, биылғы жылы бұл екінші оқиға. Бұдан бұрын жұмыс орнына мас күйінде келгені үшін пара талап еткен тағы да бір компанияның жетекшісі қолға түскен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны