11.01.2008, 15:56 2714

Ақтөбеде полицейлер 3 кг астам героин мен 10 мың жалған АҚШ долларын өртеді

Ақтөбеде полицейлер 3 кг астам героин мен 10 мың жалған АҚШ долларын өртеді

Ақтөбе. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде полицейлер 3 кг астам героин мен 10 мың жалған АҚШ долларын өртеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі көліктегі Батыс ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, олар осылайша "өткен жылы есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау барыснда тәркіленген заттай дәлелдері өртеу арқылы сот шешімін орындаған".

Көліктегі Батыс ішкі істер департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, екі жыл ішінде осы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Ресейдің Оренбург облысынан Ақтөбеге героин тасымалдаған.

Ақтөбе қалалық сотының үкіміне сәйкес, қылмыскерлер 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны