24.06.2010, 15:06 3023

Ақтөбеде полицейлер мектеп-гимназияның мұғалімінен героин тәркіледі

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ақтөбе облысының ІІД ҰҚКБ және ЕКБ қызметкерлері "Мира даңғылының бойындағы кәуәп пісіретін жерден 36 жасар ер адамды ұстаған. Ұсталған азаматы тінту барысында 0,49 грамм героин табылып, тәркіленген".

Ақтөбе. 24-маусым. Kazakhstan Today Ақтөбеде полицейлер мектеп-гимназияның мұғалімінен героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ақтөбе облысының ІІД ҰҚКБ және ЕКБ қызметкерлері "Мира даңғылының бойындағы кәуәп пісіретін жерден 36 жасар ер адамды ұстаған. Ұсталған азаматы тінту барысында 0,49 грамм героин табылып, тәркіленген".

"Ол Ақтөбе облысының Мартук ауданының мектеп-гимназиясында мұғалім болып қызмет атқаратындығы белгілі болды",- деп хабарлады Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев.

"Ұсталған жігіттің айтуынша, ол есірткі оралған ораманы облыс орталығындағы көшелердің бірінен тауып алып, өзі тұтыну үшін алған",- деп хабарлады А. Иманғалиев.

Қазіргі уақытта аталмыш дерекке қатысты ҚР ҚК 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешілуде, ұсталған азаматтан қаладан кетпеу туралы қолхат алынып, босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны