28.02.2008, 10:35 2543

Ақтөбеде "СНПС Ақтөбемұнайгаз" бен "Қазхром" трансұлттық корпорациясына жер беру туралы әкімшілік шығарған шешіміне наразылық білдірілді

Ақтөбеде "СНПС Ақтөбемұнайгаз" бен "Қазхром" трансұлттық корпорациясына жер беру туралы әкімшілік шығарған шешіміне наразылық білдірілді

Ақтөбе. 28-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде "СНПС Ақтөбемұнайгаз" бен "Қазхром" трансұлттық корпорациясына құрылыс салу үшін жер беру туралы қала әкімшілігінің қаулысына наразылық білдірді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе қалалық прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Жүгінісов хабарлады.

Қадағалау органының өкілінің айтуынша, қала прокуратурасы тұрғындар демалатын аймақтарда жер учаскелерін бөлу заңдылығына және жер заңын сақтауына тексеру жүргізген.

"Нәтижесінде қала әкімшілігінің екі заңсыз қаулысын анықтадық. Оның бірі - 2007 жылдың 22-ақпанындағы "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ-на Абай атындағы орталық саябақтан әкімшілік-тұрмыстық корпус салу үшін 47 соттық жер телімін бөлу туралы қаулы. Ал екіншісі "Қазхром" трансұлттық корпорациясы" АҚ қатысты. Оған да аталмыш саябақтың аумағынан жеке меншікке офистік ғимарат салу үшін 10 соттық жер бөлінген", - деді Ж. Жүгінісов.

Оның айтуынша, осы екі қаулының екеуі де заңсыз шығарылған және күшін жоюы шарт. "Мәселе мынада: заң бойынша, саябақтар, аллеялар, тағы басқа да жерлер рекрациялық болып есептеледі. Сондықтан, тек бұқаралық демалыс үшін ғана пайдаланылуы керек", - деді Ж. Жүгінісов.

"Бұл жағдайда заң өнеркәсіптік, коммуналдық және қоймалық объектілерді, ғимараттарды салуға және орналастыруға рұхсат бермейді. Егер, әрине, олар рекреациялық аумақтың жұмыс істеп тұруымен байланысты болмаса", - деп хабарлады прокуратура өкілі.

"Ал Абай атындағы орталық саябақ рекреациялық аумаққа жатқызылады. Ол екі жыл бұрын үкімет бекіткен қаланың бас жоспарында да солай көрсетілген", - деді прокурор.

Ж. Жүгінісов прокуратура наразылық білдірген соң Ақтөбе әкімшілігі бұрын шығарылған осы екі қаулының да күшін жойып, қадағалау органының талабын қанағаттандырғанын атап көрсетті.

Прокурордың айтуынша, сонымен қатар, тексеру нәтижесіне орай Ақтөбе қалалық әкімшілігінің 11 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың қатарында қала әкімінің орынбасары Архимед Мұхамбетов, қаланың бас сәулетшісі Шымыр Карманов және тағы басқалар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны