14.05.2012, 12:18 3318

Ақтөбеде сот үкіміне наразы сотталушы өзінің қарнын жарып тастады

Мұндай әрекетке ЖҚТБ-мен (СПИД) ауыратын Ресей азаматы Ақтөбе облыстық соты жалпы режимдегі түрмеде жазасын өтеу үшін төрт жылға бас бостандығынан айырғаны үшін барған.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбеде сот үкіміне наразы сотталушы өзінің қарнын жарып тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мұндай әрекетке ЖҚТБ-мен (СПИД) ауыратын Ресей азаматы Ақтөбе облыстық соты жалпы режимдегі түрмеде жазасын өтеу үшін төрт жылға бас бостандығынан айырғаны үшін барған.

Сотталушының қорғаушысы Сергей Маков хабарлағандай, жазаға кесілген азамат аман қалды. Оның қарны тігілген, бірақ жалпы жағдайы әлі де ауыр күйде көрінеді.

Ресейдің 38 жастағы азаматы Александр Мартьянов Ақтөбеден көлік ұрлапты. Тергеу барысында істеген әрекеті үшін өкініп, полиция қызметкерлеріне көліктің қайда жасырылғанын өзі көрсетіп берген. Тергеу жұмыстарына көмектескені үшін және оның ЖҚТБ-мен ауыратынын, сондай-ақ қарауында кәмелетке толмаған баласының бар екендігін ескере келе, Ақтөбе қаласының соты оны бір жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындаған. Алайда прокурорлар жазаны жеңіл деп есептеп, шағым түсіріпті. Содан кейін облыстық сот Мартьяновты жалпы режимдегі түрмеге төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.Бұған шыдамаған сотталушы қарсылық ретінде өзінің қарнын жарып тастады.

"Александр Мартьянов түрмеде суық тиюдің кез келген түрінен өліп кететінін жеткізді. Оның баласы, әйелі бар және ЖҚТБ-мен ауырады. Алайда сот ешнәрсені де ескермеді. Жазаны ізгілендіру деген қайда? Ал прокуратура болса заңды бақылаудан гөрі, жазалаушы орган болып кетті", - деді Мартьяновтың қорғаушысы Сергей Маков. Сондай-ақ ол сотталушыға шартты жаза түрін тағайындауға қол жеткізуге ниетті екендігін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны