31.01.2008, 11:16 2872

Ақтөбеде түрлі шаралардың аясында халықтан алынған қару партиясы жойылды

Ақтөбеде түрлі шаралардың аясында халықтан алынған қару партиясы жойылды

Ақтөбе. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының балқыту цехында құқық қорғау органдарының қызметкерлері комиссияның қатысуымен заңсыз айналымнан алынған 34 қаруды жойды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның мәліметінше, бұл қару облыс тұрғындарынан түрлі шаралар мен жедел алдын алу операциялары кезінде тәркіленген.

Қарулардың арасында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі заң шыққаннан кейін тапсырылған қарулар да бар.

Полицияның хабарлауынша, былтыр облыста "балқыту жолымен" 454 бірлік қару, соның ішінде тәркіленген 193, ерікті түрде тапсырылған 261 қару жойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны