06.04.2007, 18:29 3684

Ақтөбеде заңсыз дін таратқаны үшін сопылық накшбандия ағымын ұстанғандар құрықталды

АҚТӨБЕ. 6 - сәуір. Kazakhstan Today. Ақтөбеде заңсыз дін таратқаны үшін сопылық накшбандия ағымын ұстанғандар құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің сепаратизммен, экстремизммен және терроризммен күрес бөліміндегілер хабарлады.

Ұсталғандар Өзбекстан азаматтары, олардың ішінде бір әйел және кәмелеттік жасқа толмаған екі бала бар. Барлығы тоғыз адам.

Өзбекстан азаматтары өздерінің Ақтөбе облысына келу себептерін жұмыс іздеумен және сопылық накшбандия ілімін насихаттаумен түсіндіреді.

Полицейлер, ең алдымен Жилянка аулының сыртанда өздерінің дінін нәсихаттап жүрген екі шетелдікті құрықтаған. "Олар бізге өздерінің діни ілімдерін растайтын тиісті құжаттарын немесе Ақтөбе облысы имамының дін уағыздау іс-қызметін жүргізуге берген рұқсатын көрсете алмады",- деп хабарлады полициядағылар.

Сонымен қатар, департаменттегілер ұсталғандардың құжаттарын тексеру барысында көрші ел азаматтарының республика аумағында заңсыз жүргені белгілі болды.

Қазіргі уақытта полиция ұсталғандардың үстінен Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық кодексінің 394 және 375-баптары бойынша (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына келу ережесі мен заңсыз миссионерлік іс-қызметі) екі әкімшілік іс қозғады. Сонымен қатар, ұсталған екі азаматтың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша (шекарадан заңсыз өту) қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны