Система Orphus

Ақтөбеде зейнеткер құқық қорғау органдарына Калашников автоматын тапсырды

30.04.2008, 18:26 683

Ақтөбе. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде қару жарақты өз еркімен тапсыру акциясы барысында 68 жасар зейнеткер құқық қорғау органдарына 1961 жылғы екі оқшантайы бар Калашников автоматын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Зейнеткер автоматтан басқа 7,6 миллиметрлік калибрі тапанша мен 277 оқты тапсырды ", - деді Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев.

Оның сөздері бойынша зейнеткер осынша қару жарақ бұрын ұлының иелігінде болғанын айтты. 2001 жылы ол қайтыс болған екен. Ақылы түрде қару жарақ қабылдау шарасы басталғалы ер адам өз еркімен автоматты, тапаншаны және оқтарды тапсыруды ұйғарған.

"Қазіргі күні тасырылған қарудың техникалық жағдайын және оның пайдалануға келетіндігін анықтайтын криминалистикалық сараптамасы жасалатын болды. Автоматты өз еркімен тапсырған зейнеркер 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйлық алады. Ал тапанша үшін 40 АЕК және тапсырған әрбір оқ үшін 50 теңгеден ақша алады ", - деп атап өтті А. Иманғалиев.

Акция басталғалы облыстық ішкі істер органдарына тұрғындардан 644 бірлік қару тапсырылды. Оның 146 шолақ мылтық, 498 тегіс оқпанды мылтық және 35400 шолақ қарудың оқ дәрілері, сондай-ақ 1 граната, бір мина мен арт снаряд болды.

Жалпы берілген сыйақы мөлшері 4,8 млн теңгеден асты. Бүгінде Ақтөбенің 69 тұрғыны 2,8 млн теңгеден асатын сыйақы алды. Жалпы республикалық бюджеттен Ақтөбе облысына қару жарақтарды сатып алуға 7,7 млн теңге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны