06.01.2009, 15:54 3155

Ақтөбелік әйелге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылуда

Ақтөбелік әйелге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылуда

Ақтөбе. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбелік әйелге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылуда. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасынан хабарлады.

ІІД мәліметінше, Ақтөбелік 42 мен 70 жас аралығындағы үш әйелді өткен жылдың қазан айының аяғында есірткі сатты деген күдікпен ұстаған. Олардың біреуінің үйінің ауласынан салмағы 196 грамм героин табылды.

"Оперативтік қызметкерлер оның екі сыбайласынан тағы 8 грамм героин тәркіледі. Оларға есірткіні сатуға 42 жастағы бірінші ұсталған әйел берген. Оның үстінен ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Ол ОҚО тумасы. Ийелдің жұбайы да есірткі саудасымен шұғылданғаны үшін қазір жаза мерзімін өтеуде. Ал ұсталған үш әйел тергеу абақтысында отыр", -деді Ақтөбе облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының бөлім бастығы Баубек Есмаханов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны