22.02.2008, 10:20 1203

Ақтөбенің қаржы полициясы пара алғаны үшін екі сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғады

Ақтөбенің қаржы полициясы пара алғаны үшін екі сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғады

Ақтөбе. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбенің қаржы полициясы пара алғаны үшін екі сот орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаментінде хабарлады.

Баспасөз қызметінің басшысы Инуар Добрашевтың айтуынша, күдіктілер Ақтөбе қалалық сотының шешімі бойынша оң нәтижеге қол жеткізу үшін жергілікті тұрғыннан 1 мың $ бопсалаған.

И. Добрашев атап көрсеткендей, сот орындаушылары бопсалау және аталмыш соманы тезірек алу үшін әйелді Ақтөбе облыстық Икімшілік сотының ғимаратына бірнеше мәрте шақырған, түн ортасында қоңырау шалған, ата-анасының үйіндегі мүлікті хаттауға қорқытқан.

Алайда, пара алғаннан кейін Икімшілік сотының қызметкерлері тұтқындалған.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны