30.05.2008, 11:50 2584

Ақтөбенің көліктегі прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ еншілес кәсіпорнының жұмысшыларына еңбек ақының төленуіне қол жеткізді

Ақтөбенің көліктегі прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ еншілес кәсіпорнының жұмысшыларына еңбек ақының төленуіне қол жеткізді

Ақтөбе. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбенің көліктегі прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ еншілес кәсіпорнының жұмысшыларына еңбек ақының төленуіне қол жеткізді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Ақтөбенің көліктегі прокурорының аға көмекшісі Ерлан Төлепбергенов хабарлады.

"Бізге ҚТЖ АҚ қарасты "Батыс Орман қорғау"ЖШС компаниясы қызметкерлерінен арыз келіп түсті. Оларға ақпан-наурыз айларының еңбек ақылары төленбеген. 175 қызметкердің еңбек ақы мөлшері 8 млн теңгені құрады", - деп хабарлады Е. Төлепбергенов.

Оның сөздері бойынша, кәсіпорын басшылығы жұмысшылардың конституциялық құқығын бұзған, өйткені еңбек туралы заң бойынша "жұмыс беруші жұмысшыларға еңбекақысын айына бір реттен кем емес толық көлемде уақтылы төлеп отыруы керек".

"Қолға алынған шаралардың нәтижесінде "Батыс Орман қорғау" ЖШС қызметкерлеріне толық көлемде еңбек ақы төленді. Бірақ бірнеше күн бұрын прокуратураға жұмысшыларға сәуір айының жалақысы кешіктіріліп жатыр деген тағы да бір шағым келіп түсті " - деді Е. Төлепбергенов.

Оның сөздері бойынша, "осыған байланысты қадағалау органы тексерулерді қайталап өткізуді жоспарлап отыр". "Егер осындай заң бұзушылықтар тағы да анықталатын болса, онда мұндай жағдайда ЖШС бірінші жетекшісі жеке жауапқа тартылатын болады ", - деді Е. Төлепбергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны