19.04.2007, 14:26 2724

Ақтөбенің прокуратурасы баланың кәріз құбырына түсіп қайтыс болу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады

АҚТӨБЕ. 19 - сәуір. Kazakhstan Today. Ақтөбенің прокуратурасы тоғыз жасар Данияр Бекмағамбетовтың кәріз құбырына түсіп қайтыс болу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбенің прокуроры Болат Челикенов хабарлады.

Оның айтуынша, "Ақбұлақ" АҚ лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағы бойынша (немқұрайдылық) жауапқа тартылады. "Прокурордың тексеруі негізгі кәріз коллекторының ескіруі салдарынан жер ойылып кеткендігін анықтады",- деп түсіндірді ол. Ол сондай-ақ, коллектор жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу және жер бетінде пайда болған шұңқыр жерлерге қоршаулар мен ескерту белгілерін орнатуға қатысты шараларды дер кезінде қабылданбағандығын атап көрсетті.

"Ақбұлақ" АҚ президентіне лауазымдық нұсқамаға сәйкес кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-қызметін жалпы басқару, сонымен қатар барлық қызметтердің іс-қызметінде заңдылық сақтауға бақылау қою функциясы жүктеледі", - деп хабарлады Б. Челикенов. Сонымен қатар, ол кәріз жүйесінің бастығы лауазымдық нұсқамаға сәйкес кәріз жүйесінің техникалық жағдайына, жөндеу жұмыстарының сапасына тексеру жүргізіп және де кәріз жүйесіне профилактикалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарды әзірлеуге міндетті екендігін хабардар етті.

"Қылмыстық іс тергеу жүргізу үшін Ақтөбе облысының ішкі істер департаментіне берілді",- деп түсіндірді Б. Челикенов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-сәуірде Ақтөбеде 9 жасар Данияр Бекмағамбетов жер бетінде түзілген шұңқыр арқылы кәріз құбырына құлап кеткен. Баланы тек төртінші күні ғана тауып алды. Ол қатты ағынмен алысқа ағып кеткен. Баланың денесі "Ақбұлақ" АҚ тиесілі құдықтардың бірінен табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны