03.10.2016, 11:33 6633

Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметініӊ қаулысымен Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметініӊ қаулысымен Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясыныӊ тарих-теория факультетін композитор, пианист, музыкалық-теориялық пәндер педагогы, концертмейстер, камералық ансамбльдіӊ солисі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын МВА дәрежесімен бітірген.

Өнертану кандидаты (2007), докторы (2010). Докторлық диссертациясыныӊ тақырыбы: "Музыкалық өнер объектісі нарық қатынастарыныӊ объектісі ретінде". Доцент (2008 жылдан). "Аспанкөші" балетініӊ, "Толғау", "Дала сыры", "Жәмиля", "Асар" симфониялық поэмаларыныӊ; 20 спектакль мен кинофильм музыкасыныӊ авторы, оныӊ ішінде "Періштеге хаттар", "Астана-махаббатым меніӊ"; 3 кантатаныӊ, "Ежелгі тұран" симфониеттасыныӊ; 300-ден астам әнніӊ; мерзімді басылымдарда жарияланған көптеген мақаланыӊ авторы.

1988 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясыныӊ концертмейстері, педагогы. 2000 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыныӊ проректоры, кафедра меӊгерушісі. КСРО Композиторлар одағыныӊ мүшесі (1990). Қазақстан Композиторлар одағыныӊ мүшесі. Қазақстан Жастар одағы сыйлығыныӊ лауреаты (1990). ҚР Мәдениет министрлігініӊ Құрмет грамотасымен марапатталған (2004). Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Мәдениет және өнер істері жөніндегі комитетініӊ төрайымы лауазымын атқарды.

2014 жылдан бері ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаментініӊ директоры болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны