29.05.2025, 09:35 88391

Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады

2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елорда мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны - 20 мың теңге.

Сонымен қатар осыған дейін мәлім етілгендей, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы елорда мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады, билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны