19.05.2025, 11:08 34401

Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады

Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.

Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарда бар. Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді",- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны