17.01.2014, 19:40 3253

Алдағы 15-17 жыл Қазақстан үшін "мүмкіндіктер терезесі" болады - Н.Назарбаев

Алдын ала болжамдар бойынша алдағы 15-17 жыл Қазақстан үшін "мүмкіндіктер терезесі" болады, деді бүгін ҚР Парламенті палаталарының біріккен отрысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Алдын ала болжамдар бойынша алдағы 15-17 жыл Қазақстан үшін "мүмкіндіктер терезесі" болады, деді бүгін ҚР Парламенті палаталарының біріккен отрысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында.

"Осы уақытта сыртқы ортада қалыпты жағдай туындайды. Біздің ресурстарымыздағы сұраныс: энергия, азық-түлік, үшінші индустриялды революцияның жақындауы және ауа-райының жаһандық жылуы секілді мәселелер. Бұл кездері бізге ешқандай да қатер төнбейді. Сол үшін біз осы уақытты өз пайдамызға қолдана алуымыз керек", - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы әлемнің бәсекелістікке қабілетті 30 елінің қатарына ену қиындығын атап өтті

"Алдағы он жылдықтарды бізге белгілі көптеген қауіп-қатерлер бар. Күтпеген оқиғалар, ғаламдық нарықтар мен әлемдік саясатта жаңа дағдарыстар көп. 21 ғасырда жеңліл ештеңе болмайды. Ғасыр орталығы жақын. 21 ғасырдың екінші үштен бір бөлігі қиындау болады, ал үздік 30 ғаламдық тізіміне кіруге үміткерлердің саны шектеулі", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауын жасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны