11.06.2012, 14:05 2779

Алдағы 2-3 жылда Үкімет қаржыны оқушылардың жан басына шағып бөлетін болады

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Алдағы 2-3 жылда Үкімет қаржыны оқушылардың жан басына шағып бөлетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

"Орта білім сапасын арттыру үшін білім беру ұйымдарында жан басына қаржыландыру тетігін енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жаңалық бюджеттік шығыстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ілкі жобаға енгізілетін мектептер қазіргі таңда іріктелді. Барлық есептер жасалды, қаржыландыру әдістемесі толық әзірленді. Енді 2-3 жылдан кейін осы жоба мектептерімізге жаппай енгізілетін болады", - дейді Б. Жұмағұлов.

Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде 6 Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылды. Ал 2015 жылға қарай осындай 15 мектеп салу жоспарланған. Ондай мектептер тәжірибесі еліміздің барлық өңіріне таратылатын болады. Бұл еліміздегі жалпы білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны