29.06.2015, 13:54 3805

Алдағы іс-шаралар аӊдатпасы

2 шілдеде Қазақстан Президентініӊ қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу жоспарлануда. Іс-шара "Нұрлы жол" және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысына арналады.

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - 2 шілдеде Қазақстан Президентініӊ қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу жоспарлануда. Іс-шара "Нұрлы жол" және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысына арналады. Оныӊ аясында Индустрияландыру картасындағы жаӊа жобаларды және "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық нысандар құрысын іске қосу рәсімі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанныӊ өндіріс тауарларыныӊ көрмесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

3 шілдеде өтетін жиында Жаӊғырту жөніндегі ұлттық комиссияныӊ есебі тыӊдалады.

4-6 шілде күндері Мемлекет басшысыныӊ Астана күніне арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған.

8 шілдеде елімізге Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди сапармен келеді. Сапар барысында Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары қарастырылады.

9-10 шілдеде Қазақстан Президентініӊ Ресей Федерациясыныӊ Уфа қаласында өтетін ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне қатысуы көзделген.

***

Сонымен қатар, Президенттіӊ Баспасөз қызметі 3 шілдеде Мемлекет басшысыныӊ akorda.kz ресми сайтыныӊ жаӊартылған нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Жаӊа сайттыӊ ерекшеліктері ретінде оныӊ қолайлы құрылымы мен навигацияларын, сайттыӊ планшеттер мен смартфондарда толық көрінуіне лайықталған дизайнын, "Президентке хат" функциясы аясында Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі қарастырылғанын атап айтуға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны