10.01.2012, 09:51 5102

Алдағы мәжіліс сайлауын бақылаушыларды тіркеу аяқталды

Сағат 24.00 Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс парламент сайлауын бақылаушыларды тіркеуді аяқтады.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Алдағы мәжіліс сайлауын бақылаушыларды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сағат 24.00 Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс парламент сайлауын бақылаушыларды тіркеуді аяқтады. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қазіргі сәтте 819 халықаралық бақылаушы тіркелген. Олар 8 халықаралық ұйым мен 29 шет мемлекет атынан келіп отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі 188 шетелдік бұқаралық ақпарат құралын аккредитациялаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны