04.07.2007, 15:12 2690

Алдағы парламент сайлауында барлық саяси партияларға бірдей мүмкіндіктер беріледі - ҚР президенті

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Алдағы парламент сайлауында барлық саяси партияларға бірдей мүмкіндіктер беріледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Баршасына бірдей мүмкіндік беріліп отыр. Осы мүмкіндікті қалай пайдалану - әрбір саяси партияның ісі", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев журналистердің алдағы парламент мәжілісінің сайлауында оппозицияға берілетін мүмкіндік туралы сауалына берген жауабында.

"Президент , мемлекет басшысы, Конституцияның кепілі ретінде мен сайлаудың әділ әрі әділетті өтуіне, баршасына бірдей мүмкіндіктер берілуіне жіті назар аударып қадағалайтын боламын деп мәлімдедім. Ендігі жерде партиялардың өздері талпыныс жасасын", - деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны