21.12.2012, 11:50 3439

Алдағы уақытта құқық қорғау органдарын сырттай бақылау жүйесі енгізіледі

Алқалы жиын бас прокуратураның жаңа ғимаратында өтті. Оған қатысқан Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы әрі Ел Президентінің көмекшісі Марат Тажиннің айтуынша келер жылдан бастап құқық қорғау органдарының қызметін сырттай бақылау жүйесі енгізіледі.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алдағы уақытта құқық қорғау органдарын сырттай бақылау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайында бүгін бас прокуратураның жылды қорытындылауға арналған алқа мәжілісінде айтылды.

Алқалы жиын бас прокуратураның жаңа ғимаратында өтті. Оған қатысқан Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы әрі Ел Президентінің көмекшісі Марат Тажиннің айтуынша келер жылдан бастап құқық қорғау органдарының қызметін сырттай бақылау жүйесі енгізіледі. Оған қоса құқық қорғау органдарының жоғары лауазымдарына тағайындау Президент әкімшілігіндегі арнайы құрылымның тексеруінен кейін ғана бекітіледі. Бұған алғаш рет кезектен тыс өткізілген құқық қорғау органдарын аттестаттау нәтижесі себеп болғанға ұқсайды. Дегенмен Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың мәлім еткеніндей биыл прокуратура қызметінің сапасы бұрнағы жылдардан біршама сапалы деңгейге жоғарылады. Илеуметтік-экономикалық салалар бойынша 358 мың заң бұзушылықтың жолы кесіліп, 540 мыңнан астам адамның конституциялық құқығы қорғалды. Прокурорлық әрекет ету арқылы 37 миллирад теңгеден астам қаржы мемлекет пайдасына өндірілді. Тексерулер нәтижесінде құны 215 миллиард теңге болатын көлемі 16 мың гектарға жуық 1 жүз жер бөлімшесі мемлекетке қайтарылды.

"Жеке бизнестегі 27 мың заңсыз тексерудің жолы кесілді. Нәтижесінде 7 мыңдай кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бұған әрбір прокуратурада кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі шұғыл топтардың құрылуы сеп болды. Еңбек құқығын қорғау да прокуратураның тұрақты бақылауында. Жыл басынан бері 131 мың жұмысшыға 7 миллиард 700 миллион теңгені құрайтын жалақы қарызы өтелді. Нәтижесінде жалпы еңбекақыға берешек көлемі 3 есеге азайтылды", деп мәлім етті ҚР Бас Прокуроры.

Кезекші прокурор институтының қызметі заңсыз тұтқындаулардың алдын алуға сеп болды. Мәселен, биыл жұмыс кабинеті мен басқа да ғимараттарда заңсыз тұтқындау көрсеткіші 20 пайызға азайған. Ал уақытша ұстау абақтысына заңсыз қамалған 1 мыңнан астам адам бостандыққа шығарылды. Алқа мәжілісінде Бас прокурор Елбасының жаңа жолдауына сәйкес тың міндеттер жүктеліп отырғанын жеткізді. Осыған орай ең алдымен қадағалау қызметін жетілдіре түсуге басымдық беріледі. Сондай-ақ прокурорлық бақылаудың нәтижелі болуы үшін заң бұзушылықтарға жол берген басшылық өкілдерінің жеке жауапкершілігін қарауға да мән берілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны