30.11.2010, 17:07 7027

Алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммиті аясында мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммиті аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - қараша. Kazakhstan Today - Алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммиті аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің хабарлауыша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездескен. Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өзара іс-қимылының кең көлемдегі мәселесін, сондай-ақ жаһандық және аймақтық саясаттағы ең өзекті проблемаларды талқылады.

"Мен Президенттің ядролық қарусыздану және оны таратпау туралы жаһандық бастамасын, оның Жарлығымен Семей ядролық полигонының жабылғаны туралы атап өттім. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күні ретінде атап өтетінімізді айта кеткім келеді", - деді Пан Ги Мун журналистерге арналған брифингте.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына жоғары баға берді. Пан Ги Мун Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыруға, Ауғанстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына қосқан жеке үлесіне ерекше тоқталды.

"Бұл Саммит 11 жылдан кейін алғаш рет өтіп отыр. Бұл тек қана Қазақстанның көшбасшылығын мойындау емес, бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың және оның бастамасының халықаралық мойындалуы", - деді БҰҰ-ның Бас хатшысы.

Сонымен қатар, елбасы Қасиетті тақ (Ватикан) Мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертонемен кездесті. Иңгімелесу барысында біздің халықтарымыз бен ұлттарымыз арасында бейбітшілік пен келісімді қолдаудың маңызды тетігінің бірі ретінде дінаралық диалогты дамыту жөнінде Қазақстан мен Ватиканның өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды.

"Мен Президентті құттықтадым және Саммитке дайындықтың жоғары деңгейде жүріп жатқанына таңданысымды білдірдім. Біз қазіргі әлемдегі әділетсіздікке қарсы тұруы мүмкін келісім, бейбітшілік және бауырластық туралы ұлы идеалдарды еске алдық. Біз ислам және христиан арасындағы дінаралық диалог тақырыбын қозғадық. Өзара таным мен білім беру жолымен біз тығыз ынтымақтастыққа және туыстық қарым-қатынастарға қол жеткіземіз деп сенемін. Иулие әкей Бенедикт XVI барша Қазақстан халқына өз батасы мен сәлемін жолдайды", - деді Т.Бертоне журналистерге арналған брифингте.

Сондай-ақ, ҚР президенті бұрынғы Югослав Республикасы Македония Президенті Георге Ивановпен кездесті, деп хабарлайды баспасөз қызметінен. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Г.Иванов қазақстандықтардың қонақжайлық қасиеттеріне таңданысын білдіре келе, Саммиттің табысты өтетініне өз сенімін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны