18.01.2007, 11:55 1540

Алдағы үш күнде Алматы полицейлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді

АЛМАТЫ. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қаңтардың 18 мен 20 аралығында "Қауіпсіз қала" атты жалпыреспубликалық шара аясында Алматы полицейлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді. Бұл туралы Kazakhstan Today агентігіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жол полициясының инспекторлары тәулік бойы жұмыс істеп, жол қозғалысының ережелерін өрескел бұзушыларды, мас күйінде көлік айдаушылар мен іздеудегі адамдарды анықтайды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен бірге осы күндері "қоғамдық тәртіпті қорғау көшелердегі қылмысқа жол бермеу жұмыстары пәрмендендіріледі".

Осындай шара өткізу туралы шешімді ішкі істер министрі 2006-жылдың қорытындысы бойынша жолдағы апаттардың саны артуға байланысты қабылдаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны