10.01.2007, 14:15 2896

Алдағы жылдары Қазақстанға келетін еңбек мигранттары екі есеге өсуі мүмкін - ІІМ болжамы

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Алдағы жылдары Қазақстанға келетін еңбек мигранттары екі есеге өсуі мүмкін. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Егер 2006 жылы Қазақстанға алыс және жақын шетелдерден келген азаматтардың саны 2 млн.-ға өссе, одан әрі бұл ағым сақталып қала бермек",- деді А.Шпекбаев. "Біздің республикамыздың қызығушылық тудырып отырғандығын ескере отырып, осыған сәйкес алдағы жылдары еңбек мигранттарының саны екі есеге өседі",- деді ол. Ішкі істер вице-министрінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2005 жылы 200 мыңдай еңбек мигранттары заңсыз жұмыс істеген.

А.Шпекбаев 8-қаңтар, яғни заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталған "Мигрант" республикалық жедел-алдын-алу шараларын жүргізудің бірінші күнінде іздеуде жүрген 23 адамның құрықталғанын хабарлады. "Олардың ішінде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдар, сондай-ақ алимент төлеушілер мен борышты адамдар да бар",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны