27.11.2012, 13:41 2877

Алдағы жылы мемлекеттік қызметтің 60%-дайы қағазсыз құжат айналымына көшеді

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің 60%-дайы 2013 жылдың соңына қарай қағазсыз құжат айналымына көшеді, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Алдағы жылы мемлекеттік қызметтің 60%-дайы қағазсыз құжат айналымына көшеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің 60%-дайы 2013 жылдың соңына қарай қағазсыз құжат айналымына көшеді, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

"2013 жыл қорытындысында мемлекеттік қызметкерлердің 60%-дайы электрондық құжат айналымын пайдаланып, қағаз құжаттар 2013 жылы шамамен 50%-дай болып, 2014 жылы құқықтық-нормативтік құжаттардың 100% электрондық түрде болады", - деді А. Жұмағалиев сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ағымдағы жыл соңына дейін әлеуметтік - маңызды рұқсат құжаттары электрондық форматқа көшіріледі.

"Осындай пилоттық пайдалануға 32 рұқсат құжаттары жіберіліп, жыл соңына дейін 48 құжат пысықталады. Алдымен тестілік режимде, кейін өндірістік пайдалануға жіберіледі", - деді ол.

Министрдің мәліметтерінше, бүгінге барлық дерлік лицензиялар электрондық түрде беріледі. 2012 жылдың 10 айында 13 567 лицензия берілді.

Одан басқа, лицензия алуға қажет 1218 құжаттың 425 құжаты оңтайландырылады.

Оңтайландыру нәтижесінде жыл сайын қағаз түріндегі 42,2 млн құжат алынып тасталып отырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны