04.09.2026, 16:22 65787 / 12335

Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді

Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді
Сурет: Pixabay
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын салу мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы бұл мәселені экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровпен кездесу барысында талқылады.

Алдағы уақытта мұндай кәсіпорындарды салу тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне тарату жоспарланып отыр.

Президент сондай-ақ министрлікке ормандарды қалпына келтіру, ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамыту және тұйық циклді экономиканы дамыту мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті арттыру мен "Таза Қазақстан" бастамасын ары қарай тиімді іске асыру бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, 3 қыркүйекте Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Ерлан Нысанбаевты алмастырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны