03.09.2007, 15:49 3116

Александр Судьин сенаттың вице-спикері болып сайланды

Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар палата төрағасының орынбасарын тағайындады. Оған Александр Судьин сайланды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар палата төрағасының орынбасарын тағайындады. Оған Александр Судьин сайланды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес сенат төрағасының екі орынбасары болады... Мен депутат Александр Сергеевич Судьиннің кандидатурасын ұсынамын",- деп мәлім етті жалпы отырыста сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл шешімге отырысқа қатысып отырған 42 депутаттың 42-сі дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес сенат құрамы 39-дан 47 мүшеге дейін өскен болатын. Ол тағайындалатын сенаторлардың президенттік квотасының 7-ден 15-ке дейін өсуі есебінен болып отыр. Жуырда елбасы сенаттың сегіз депутатын, соның ішінде бұрын президент әкімшілігінің мамандармен жұмыс бөлімін басқарған Александр Судьинді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны