09.06.2015, 11:46 3657

Илемдік діндер съезінде жастарға білім беру мен олардыӊ дұрыс тәрбие алуы маӊызды міндеттердіӊ бірі болады

Илемдік діндер лидерлерініӊ съезінде маӊызды аспектілердіӊ бірі жастардыӊ дұрыс дамуы болады, деді БҰҰ-ныӊ Өркениеттер альянсыныӊ Жоғары өкілі Кеӊсе басшысы Тарик Ил-Ансари Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері хатшылығыныӊ 14-ші мәжілісінде сөйлеген сөзінде

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - Илемдік діндер лидерлерініӊ съезінде маӊызды аспектілердіӊ бірі жастардыӊ дұрыс дамуы болады, деді БҰҰ-ныӊ Өркениеттер альянсыныӊ Жоғары өкілі Кеӊсе басшысы Тарик Ил-Ансари Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері хатшылығыныӊ 14-ші мәжілісінде сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Тағы бір өте маӊызды мәселе -жастар. Біз экстремистердіӊ көлеӊкелі істеріне жастар пайдаланылмаса екен және олар дұрыс әрі барлық қоғамға пайдасы тиетіндей болып дамыса дейміз",-деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қатар елшініӊ сөзінше, жастарға білім беру мен оларды оқытудыӊ тәсілдері де маӊызды мәселе.

"Біз сонымен қатар, білім беру саласында жақсы мүмкіндіктерде де көрсек деген ойдамыз, өйткені білім беру бұл тек жазу жазумен кітап оқу ғана емес, сонымен қатар онда жастарға өзгелермен бірге қалай бейбітшілікті өмір сүру керектігі де үйретілуі керек. Біз өзгелердіӊ намысына тиетін сөздерді емес, еркін сөз бостандығын көргіміз келеді",-деді Тарик Ил-Ансари.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстан елордасында Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығыныӊ 14-ші мәжілісі өтуде және оған Ислам, Христиан, Иудаизм, Буддизм, Даосизм және Индуизм діндері мен халықаралық ұйымдардыӊ сондай-ақ Қазақстанныӊ рухани ұйымдарыныӊ өкілдері қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны