02.02.2018, 13:49 7001

Илеуметтік-еӊбек қатынастарын реттеудіӊ негізгі бағыттары жөніндегі бас келісім әзірленді

Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік серіктестермен бірлесіп 2018-2020 жылдарға арналған Үкіметтіӊ, жұмысшылар мен жұмыс берушілердіӊ республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісім жобасын әзірледі

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік серіктестермен бірлесіп 2018-2020 жылдарға арналған Үкіметтіӊ, жұмысшылар мен жұмыс берушілердіӊ республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісім жобасын әзірледі.

Жобаныӊ негізгі нәтижесі, аталған институтыӊ жұмысын қайта құру. Бұл ҚР "Кәсіподақтар туралы" заӊдарын және жаӊа Еӊбек кодексін әзірлеу мен қабылдаудан басталды.

ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованыӊ айтуынша, жаӊа үлгіні қолдану тәжірибесі оӊ динамиканы көрсетіп отыр.

"Өткен жылы әлеуметтік аударымдары бар қызметкерлер саны 100 мыӊға жетті. Бүгінгі күні ұжымдық келісімдер ірі және орта кәсіпорындардыӊ 90% -ында, шағын кәсіпкерліктіӊ 31% -ында жасалды. Соӊғы үш жылда зиянды еӊбек жағдайлары кезінде зардап шеккен жұмысшылар саны 16% -ға төмендеді ", - деді министр.

Жаӊа бас келісім екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде - экономиканы технологиялық жаӊғырту, халықты ресми және нәтижелі жұмыспен қамту, адами капиталдыӊ сапасын арттыру, еӊбек жағдайлары мен еӊбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын жеті бағыт топтасқан.

Екінші бөлім - әлеуметтік әріптестік тараптарыныӊ нақты іс-әрекеттерін жүзеге асыру бағыты бойынша Жол картасынан тұрады.

Бас келісімде экономиканы технологиялық жаӊғыртуға ерекше көӊіл бөлінеді.

Осылайша, Үкімет еӊбек ағынын басқаруға арналған Жол карталарын үйлестіру және маниторинг жасау бойынша "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ іске асырылуын ұйымдастырады.

Өз кезегінде, жұмыс берушілердіӊ бірлестіктері экономиканыӊ негізгі салаларында цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі шараларды іске асырады, әсіресе зиянды және қауіпті еӊбек жағдайлары бар секторларда негізгі құралдарды жаӊарту үдерісі жеделдетіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны