28.10.2016, 17:01 8303

Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған форум өтті

Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған форум өтті

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініӊ "Ил-Фараби" атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен 1986 жылғы "Желтоқсанныӊ" 30 жылдығына арналған форум өтті, деп хабарлайды Қазақ Ұлттық Университетініӊ бұқарамен байланыс басқармасы.

"Бұл бір ұлы тарихи сәт, Тәуелсіздік халықтыӊ үні, елдіӊ тойы, ұлттыӊ тойы, ұлттыӊ тілі мен дінініӊ, ұлттық еркіндігініӊ тойы. 1986 жылы желтоқсанныӊ мұзға жаққан алауы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таӊын тудырды. Бүгінгі біздіӊ форум-конференциямызда осы бір қос тарихи оқиғалардыӊ бір-бірімен тығыз байланысын атап өткен ләзім. Қазақ елініӊ тарихында осы ұлы сәттер ешқашан ұмытылмақ емес. Бұл оқиғаларды жадымызда тұту ел егемендігі мен беріктігін бекемдей түседі", - деді филология және әлем тілдері факультетініӊ деканы Өмірхан Ибдиманұлы.

Бостандық ауданы әкімініӊ орынбасары С. Ағыбаевтыӊ айтуынша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы, 1986 жылғы "Желтоқсанныӊ" 30 жылдығы және Алматы қаласыныӊ 1000 жылдығы секілді мерейтойлардыӊ тұспа-тұс келуі жақсы нышан және бүгінгі іс-шараныӊ өткізілуі өскелеӊ ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде айрықша маӊызды әрі үлгі тұтарлық іс болмақ.

Қала әкімдігініӊ мәліметінше, Бостандық ауданында 13 ЖОО және 16 арнайы орта білім беретін кәсіптік оқу ошақтары бар, оларда 55 мыӊ студент оқиды. Желтоқсан оқиғаларына арналған 110 астам іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, "Желтоқсанныӊ" 30 жылдығы шеӊберінде Қ.Сәтпаев және Желтоқсан даӊғылдарыныӊ қиылысында орналасқан "Тәуелсіздік таӊы" Монументі қайта жаӊғыртылды, бұған қоса ескерткіш жаӊаша жарықтандырылды.

Форум жұмысына Бостандық ауданы әкімініӊ орынбасары Саят Ағыбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Н. Жаманбалаева, "Желтоқсан қоғамы" қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Н. Қуаӊбаев, республикалық "Желтоқсан-86 -Тәуелсіздік қырандары" Халық қаһармандары қозғалысы" қоғамдық бірлестігініӊ төрайымы Г. Жүніс және Ләззат асанованыӊ анасы Алтынай Асанова, оқытушылар мен студенттер қатысты.

"Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойын қарсы алуға дайындалуда. Бұл - жылдыӊ еӊ негізгі оқиғасы. Бізге еліміздіӊ барлық жетістігін саралау қажет. Мерейтойлық оқиғаныӊ өзі түсіндіру жұмыстарыныӊ қорытынды кезеӊі болуы тиіс. Біз қол жеткізе алған нақты нәтижелерді әрбір қазақстандықтыӊ сезінгені қажет. Сондай-ақ, болашақ жоспарларды да айқындау маӊызды",- деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентініӊ екінші сессиясыныӊ ашылуында сөйлеген сөзінде.

" Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылында қазақстандықтардыӊ ғұмыр жасы 64-тен 72 жасқа жетті. Бұл республикамыздыӊ басты жетістігі дер едім. 25 жылда біз мектептер, ауруханалар мен жолдар салдық. Үш дағдарысты басымыздан өткердік. Алда да күтіп тұрған қиындықтар аз емес, бірақ мен біздіӊ дана халқымыз бәрін де жеӊіп шығады деп кәміл сенемін",- деді Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы "Астана" алаӊында Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнінде сөйлеген сөзінде.

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы тойлануда. 1991 жылдыӊ 16 желтоқсанында "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік егемендігі туралы" Конституциялық заӊы қабылданды. Егеменді ел ретінде дамыған 25 жылда Қазақстан әлемніӊ барынша дамыған 50 мемлекетініӊ қатарына енді, 2030 Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырды, 2050 Стратегиясын, "100 нақты қадам: баршаға арналған заманауи мемлекет" Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады.

Сыртқы саясат саласында Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына, Астана саммитіне, Ислам Конференциясы ұйымына, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына, Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары ұйымына, Еуразиялық экономикалық одағына төрағалықты сәтті іске асырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны