06.04.2015, 14:54 3783

Алғаш рет әскер қатарына шақыру мәселелері бойынша кеӊес арнайы байланыс желісі арқылы берілетін болады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіндегі әскерге шақыру науқаныныӊ басталуына орай уақытша штаб (арнайы байланыс желісі) құрылды. Ир әскерге шақырылған азамат немесе оныӊ отбасы аталған желі арқылы 2015 жылғы әскерге шақыру науқанына (құжаттарды беру, медициналық куәландыру және т.б.) қатысты барлық сұрақтарға жауап алатын болады

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіндегі әскерге шақыру науқаныныӊ басталуына орай уақытша штаб (арнайы байланыс желісі) құрылды. Ир әскерге шақырылған азамат немесе оныӊ отбасы аталған желі арқылы 2015 жылғы әскерге шақыру науқанына (құжаттарды беру, медициналық куәландыру және т.б.) қатысты барлық сұрақтарға жауап алатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Байланыс желісін орнатудыӊ негізгі мақсаты азаматтарда туындаған мәселелер мен проблемалық сәттерде жылдам шешім қабылдау үшін кеӊес беру болып табылады. Кеӊесті ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары жөніндегі департаменті мен ҚР ҚК Бас әскери медициналық басқармасыныӊ құзырлы мамандарыбере алады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Байланыс желісініӊ телефондары: 8 (7172) 72-13-89, 72-14-20, 72-13-82 (жалпы сұрақтар бойыншақоӊыраулар тәулік бойы қабылдайды) және 8 (7172) 39-33-37 (медициналық куәландырулар бойынша).

Бұрын мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілетін. Дегенмен осындай ауқымда бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

Естеріӊізге сала кетсек, қазақстандық армия қатарын алдағы көктемде әскер қатарын (сәуір-маусым) 15 мыӊнан аса әскерге шақыру жасындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға және босатуға құқығы жоқ жасжігіттер толықтырады. Ағымдағы жылы мерзімді әскери қызметке жалпы саны 30 мыӊ қазақстандықты шақыру жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны